Тұман, көктайғақ, бұрқасын: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: бірқатар өңірде ескерту жарияланды
фото: inbusiness.kz

15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстік шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қ.: 15 ақпанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 15 ақпанда батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Орал қ.: 15 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең таулы аудандарда күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Шымкент қ.: тұман күтіледі.

Түркістан қ.: тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде және тау және таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және батыста тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с.

Талдықорған қ.: көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15 м/с.