Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Бұған Скандинавиядан келетін циклон себеп дейді Қазгидромет мамандары.

Алдағы аптада бірқатар өңірде жауын-шашын, боран және көктайғақ болады. Тұман түсіп, кей жерлерде жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының тау бөктерінде көлбеу ағын қалыптасады. Шығыста ертең қар жаууы ықтимал. Орталықта ауа температурасы 0 градус шамасында болса, Батыс пен Солтүстікте күндіз +3+5 градусқа дейін жылиды. Оңтүстікте жайма шуақ күндер сақталып, сынап бағаны 15 градусқа дейін жоғарылайды. Ертең елордада күндіз 0+2, Алматыда +10+12, Шымкентте +12+14 градус жылы болады, дейді синоптиктер.