Елордада бірқатар автобус жүру кестесін өзгертті

Елордада бірқатар автобус жүру кестесін өзгертті

Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Бұ туралы CityTransportationSystems компаниясы фейсбук-парақшасында хабарлады.

«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №9, 34, 46 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар» делінген хабарламада.

Сонымен қатар компания 4 сәуірден бастап қала маңына қатынайтын №319 бағдарының жүру кестесіне өзгертулер енгізілгенін де ескертті.