Теріңіз сау, шашыңыз жібектей болсын десеңіз...

Теріңіз сау, шашыңыз жібектей болсын десеңіз...
Труд

Диетолог Оксана Михалева шаш пен терінің сұлулығына ықпал ететін жемісті атады.

Оның айтуынша, авокадоны күнделікті пайдалану шашты жылтыр етіп, терінің саулығына әсер етеді. Сонымен қатар ішек қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады. Өнімдегі калорияға қарамастан, авокадода өте пайдалы майлар бар. Олар тамырлы атеросклероздың дамуына жол бермейді, сонымен қатар денені созылмалы қабынудан қорғайды.

«Авокадо – дұрыс тамақтану үшін өте пайдалы өнім. Оның құрамында басқа көкөністерге қарағанда калория көп, бірақ бұл калориялар терінің және шаштың күйін сақтайды, яғни шашты жылтыр, теріні барқыт және нәзік ететін майларға бай», – деп атап өтті маман.

Ол сонымен қатар авокадода ішектің жұмысын жақсартатын талшықтың көп мөлшері бар екенін де атап өтті.

Ақпарат көзі: news.ru