Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда аптап ыстық болады
Inform.kz

Қазгидромет 2022 жылдың 14-16 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Батыстан тағы бір антициклон еліміздің аумағына ауыса бастайды. Ол жазғы ауа райын әкелетін оңтүстік ағындармен қоректенетін болады. Кейбір аудандарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр жауады, соған қарамаcтан ауа температурасы өте жоғары болып қала береді. Тіпті солтүстік аймақтардың тұрғындары да жылы күндерге кенелетін болады» делінген хабарламада.