Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады
7Dach

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады.

Қазгидромет мәліметінше, 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болмақ, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.

Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді. Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі: мұнда термометрлер +25, +38°С белгісіне жетеді, республиканың солтүстігінде, шығысында температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.