Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан қ.: 29 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 шілдеде Қарағанды облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. Қарағанды қ: 29 шілдеде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

29 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с.

29 шілдеде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі.

29 шілдеде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 29 шілдеде найзағай күтіледі. Күндіз қатты жаңбыр жауады, бұршақ күтіледі.

29 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

29 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Өскемен қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

29 шілдеде таңертең және күндіз Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 29 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.