Еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады

Еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады

Бүгін елордада жаңбыр жауады деп күтілуде.

Қазгидромет мәліметінше, күндіз Астанада ауа плюс 24-ке дейін жылынады. Сонымен қатар құбылмалы ауа райы бүкіл ел бойынша сақталады. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Тоғыз аймақта дауылды ескерту жарияланды. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте қатты жаңбыр жауып, жел соғады. Түркістан облысының кейбір аудандарында да ауа райы жауын-шашынды  болады.