Елордада жәрмеңке өтетін жер ауыстырылады

Елордада жәрмеңке орнын оң жағалауға ауыстыру жоспарланып отыр.

Жергілікті тұрғындардың бұл сұрауы келесі жылдан бастап орындалады. Ал биылғы жәрмеңке ертең аяқталады. Маусым айында басталған дәстүрлі шарада биыл 15 өңірдің өнімі сатылды. Барлығы 5 мың тоннадан аса тауар жеткізілді. Тұрғындарға әр аймақтың қазы-қарта, құрт-майы ұсынылды. Өнімдердің басым бөлігі сөреге, шаруашылықтың басынан алыпсатарсыз жеткізілді. Тиісінше баға да базарға қарағанда 10-20 пайызға арзан. Өңірлердің жәрмеңкесі аяқталған соң әр аптаның соңында қалаға жақын аудандардың өнімдері сатылатын болады.