Коллекторларға қатысы бар заң қабылданды

Коллекторларға қатысы бар заң қабылданды

Несие алған қазақстандықтардың жалпы саны 8 миллионға жуықтады.

Әсіресе халқы тығыз орналасқан Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары тұрғындарының банктерге берешегі көп. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында сөз болды. Қарыздың басым бөлігі жеңілдетілген бағдарламалар арқылы ипотекалық несие есебінен болып отыр. Ол 4,5 триллион теңгені құрайды. Бұрынғы есеппен салыстырғанда үш есеге өскен көрсеткішті азайту үшін арнайы заң қабылданды. Ол тек банктерге қатысты емес, сонымен қатар  микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерді де қамтитын болады. Яғни халықтың бұл ұйымдар алдындағы берешегі 1600 айлық есептік көрсеткіш сомасынан аспауы тиіс. Келесі жылдан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң күшіне енеді.