Талдықорғанда орманға баруға тыйым салынды
Талдықорған аумағындағы орман-тоғайларға демалуға немесе басқа мақсатпен кіруге болмайды.
Көршілес Абай облысында болған алапат өрттен кейін жауаптылар осындай шұғыл шешім қабылдады. Осы ретте аймақтағы орманшылар өртпен күрес кезінде қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Талдықорған орман шаруашылығының қарауында 185 мың гектардан астам алқап бар. Онда 100 шақты адам еңбек етеді.
Асқар Орынбаев, «Талдықорған орман шаруашылығы» КММ директорының орынбасары:
- Бәрімізге оңай емес, өте ауыр жағдай. Семей орманы резерватында орын алған апатта өртпен күресте қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтамыз. Жаңағы пожар сыныбы 5-сынып болып тұр. Өте қауіпті сынып дейді. Соған біз жаңағы күшейтілген жұмыс жасап жатырмыз. Қазір күндіз-түні жігіттер күзетте. Бекеттер қойылған. Орманға келіп кететін адамдарға тыйым салынып жатыр.