Еліміздің орталығы мен солтүстігінде боран соғады

Бүгін еліміздің орталығы мен солтүстігінде боран соғып, қар жауады.

Соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін. «Қазгидрометтің» болжауына қарасақ, Астанада сынап бағаны 1 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Семей, Орал мен Өскеменде қар аралас жаңбыр жауады. Бұл өңірлердегі желдің жылдамдығы 30 метр/секундқа дейін жетеді. Ал Алматыда жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы 0-ден жоғары. Шымкентте 3 градус жылы болады.