Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін

Бір жыл бойы зерттеу жүргізген ғалымдар осындай ұсыныс жасап отыр.

Қазір екі уақыт белдеуі бар. Бірақ сарапшылар елдегі табиғи уақыттың сәйкес келмеуі адам ағзасына теріс әсерін тигізуде дейді. Биологиялық сағаттың бұзылуынан күйзеліс пен стреске шалдыққандардың саны көбейген. Сондықтан, мамандар тұтас ел бойынша уақытты бір сағатқа ауыстыруды ұсынып  отыр. Тиісті бастама адамның өмір сүру ұзақтығына оң әсер етуі мүмкін. Мәселені түбегейлі зерттеу үшін арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Зерттеу нәтижелері көпшілік назарына ұсынылып, қоғамдық тыңдауларда ашық талқылауға түспек.

Бауыржан Қасымов, Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:

- Қазір жұмысқа келгенде 9-да дала қараңғы боп келеді. Енді біздің бала-шағамыз бар, жасөспірімдер бар. Ұйқысы қанбаса, олардың қандай қабілеті болады сабақ оқуға. Бұл экономика, денсаулық жақсарып жатса, оның экономикаға да пайдасы болады. Сосын өңір арасындағы қарым-қатынас бар ғой, Батыс өңірі басқа белдеуде өмір сүріп жатыр

Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сағат белдеуіне көшу бұл үкіметтің құзыретінде. Комиссия өзінің ұсынысын жасады. Ғалымдар өз ұсынысын жасады. Жалпы ғылыми консенсус бар. Бүкіл ведомстволар өз ұсынысн айтты. Енді үкіметтің шешімін күтеміз, шешім қабылданса да, жаңа жылдан кейін қабылданады.