Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі
Яғни наурыз айының 1-інен бастап елдегі барлық сағат тілі бірге соға бастайды.
Ол үшін Үкімет уақытты есептеу туралы қаулыға өзгеріс еңгізді. Бұл кезге дейін елдің біраз бөлігі 6-уақыт белдеуін қолданып келген. Енді Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік пен Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облысының халқы уақытын бір сағатқа артқа жылжыту керек. Сол кезде елде жаппай 5-уақыт белдеуі пайдаланылады. Бұл өзгеріс табиғи уақыт есептеуіне сай келетін көрінеді.