Жаңа уақыт белдеуі: жолаушылар тасымалында өзгерістер болады
24 сағат бойы хабар тарататын 24KZ арнасы бүгін 25 сағат жұмыс істейді.
Өйткені түнде, яғни ақпанның 29-ынан наурыздың 1-іне қараған шақта ел аумағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Соған орай мегаполистер мен 12 облыста уақыт көрсеткіштері 1 сағатқа шегеріледі. Қызмет көрсету, жолаушылар тасымалында өзгерістер болады. Қазір жауапты компаниялардың байланыс ақпаратын экрандарыңызға ұсынып отырмыз. Сапар бойынша өзекті мәліметтерді көрсетілген анықтамалық қызметтер мен call-орталықтардан білуге болады. Бұған қоса тасымалдаушылар тарапынан жолаушыларға тиісті хабарламалар жолданып жатыр.
Айгүл Даулыбай, ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің өкілі:
- Көлік министрлігінде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтіп, жолаушыларды уақытылы хабардар ету және билеттерді брондау әрі сату бойынша жүйелерді жаңарту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылған болатын. Бүгінгі таңда теміржол көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне сәйкес барлық жолаушылар пойызына билеттерді сату жүзеге асырылып жатыр. Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында әуе компаниялары ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жолаушыларға барынша ақпараттық қолдау көрсетіп жатыр.
Теміржол және әуе компанияларының байланыс ақпараты
«Жолаушылар тасымалы» АҚ:
call center: 1433
Telegram чат-боты: KTZH_PP_BOT.
Қазақстанның авиация әкімшілігі штабының «жедел желісі»:
8 7172 798214
8 7172 798213.
Air Astana: 8 727 244 44 77, 8 7172 58 44 77, 8 702 702 44 77.
FlyArystan: 8 727 331 1010.
SCAT: 8 7252 99 88 80.
Qazaq Air: 8 727 356 14 14.