«Жетібай-Жаңаөзен» жолы уақытша жабылды
Маңғыстау облысындағы Жетібай-Жаңаөзен жолының бір бөлігі бүгіннен бастап уақытша жабылды, деп хабарлайды 24KZ.
«Қазавтожол» Ұлттық компаниясы филиалының мәліметінше, күрежолдың 28-31 шақырымдық бөлігі 19 шілдеге дейін барлық көліктерге жабық болады. Осы жолдың аэродромдық учаскесінде әскери бөлімшелер оқу-жаттығу өткізуді жоспарлаған. Бұл күндері Жаңаөзенге және қарама-қарсы бағытқа қатынайтын көліктер айналма жолмен жүреді.
Ерлан Биялиев, жол мекемесінің бөлім бастығы:
- Жол қозғалысына қатысушылардан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және айналма жолмен жүруді сұраймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.