Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қаржылық мониторинг агенттігінің атынан хабарласатын алаяқтар пайда болған, деп хабарлайды 24KZ.
Олар сұхбат барысында түрлі сылтаулармен банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды. Тіпті жәбірленушіге агенттік атынан мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері бар жалған құжаттар жіберілуі мүмкін. Осы ретте Қаржылық мониторинг агенттігі жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, қаржылық операциялар жүргізбейтінін және жеке тұлғалармен байланыспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Сондықтан мұндай хабарламаларды елемеуді және құқық қорғау органдарына немесе агенттіктің Call-орталығына хабарласуға кеңес береді.