Синоптиктер: Алдағы үш күнде күн райы тұрақсыз болады

Алдағы үш күн бойы елдің бірқатар өңірінде күн райы қолайсыз болады, деп хабарлайды 24kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады. Шығыс бөлікте жел күшейіп, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл күтіледі. Ал еліміздің солтүстігінде жаңбыр жауып, соңы бұршаққа ұласуы мүмкін.