Маймыл шешегі коронавирус емес – ДСҰ

Маймыл шешегі коронавирус емес.

Демек пандемиядағыдай қауіп төніп тұрған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осындай мәлімдеме жасады. Сондай-ақ маймыл шешегіне қарсы тиімді күрес жүргізуге болатынын айтады. 

Ханс Клюге, ДДСҰ Еуропалық бюросының директоры:

"Маймыл шешегі - коронавирустың жаңа түрі емес. Біз бұл аурудың тез таралуына жол бермеу үшін қандай шаралар қабылдау керектігін жақсы білеміз. Бірақ қауіпті толықтай жою үшін ресурс жетпей қалды."  

Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне байланысты жаһандық деңгейде төтенше жағдай жариялаған еді. Ол Африкада тез тарап жатыр. Жаңа штамм Қара құрлықтың 20-ға жуық елінде расталған. Әсіресе Конго демократиялық республикасындағы жағдай қиын. Мұнда 16 мыңнан аса науқас анықталды. Солардың 500-і көз жұмған. Нигерияда қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Африкадан бөлек жаңа штамм Швецияда да алғаш тіркелді. Сондай-ақ індет Испанияда тез тарап жатыр. Еуропадан бөлек Австралияда, Пәкістан мен Филиппинде де ауруды жұқтыру деректері расталған.