Эльбрус шыңында «Адай» күйі күмбірледі
Еуропаның ең биік шыңы әйгілі Эльбрус шыңында «Адай» күйі күмбірледі, деп хабарлайды 24kz.
Астаналық Әлібек Қайырбек шырқау шыңға домбырасын арқалап шыққан. 26 жастағы жігіт Эльбрустың басына 1 апта жүріп, жеткенін айтады. Асқақ арманын орындауға бекінген әуесқой спортшы биікке жай шықпай, қара шанақтан күй төгілтті. Қазақ екеніне мақтанды. Әлібек алпинист қана емес, музыкамен де әуестенеді. «Құрманғазының «Адайын» әлемге танытқым келді», - дейді өзі.
Әлібек Қайырбек, елорда тұрғыны:
- Домбыраны мұндай биіктікке көтеру оңай емес. Домбыра жеңіл болғандықтан, сынып қалуы мүмкін. Сол себепті домбыраны жақсы қаптап, рюкзагыма салып, 10 сағаттық жолда қатты сынып, тоңып қалмасын деп жылы орап, салып қойдым. біздің осындай аспабымыз киелі домбыра, бар екенін таныстырып, әлемге паш етіп таныстырғанжөн болған еді.