Астанада екі көшенің аумағы уақытша жабылды
Бүгін LRT конструкцияларын демонтаждау жұмыстарына байланысты Астанадағы екі көшенің аумағы жабылды, деп хабарлайды 24KZ.
Таңғы 6-дан кешкі 8-ге дейін Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына қарай Хусейн бен Талал көшесінде көлік қозғалысы шектелді. Сонымен қатар Қабанбай батыр даңғылынан Пригородный шағынауданына қарай Жаңадария көшесі жабық. Қалалық әкімдік тұрғындар мен қонақтарға сапарды алдын ала жоспарлап, балама көшелерді пайдалануға кеңес береді.