Бүгін – Халықаралық алма күні
Бүгін әлем жұртшылығы алма күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Алма махаббаттың, денсаулық пен өркендеудің символы саналады. Осы күні бір-біріне алма тәріздес кәдесыйлар мен тілек жазылған ашық хат беру дәстүрге айналған. Алматылықтар да бұл дәстүрден жаңылған жоқ. Тау етегіндегі шипажайлардың бірінде алма күнін мерекеледі. Аспаздар жаңа піскен жемістен мың адамға арнап кондитерлік өнім дайындады. Қонақтар алма мұражайының инсталляциясын көріп, қала атауының тарихы туралы әңгімесін тыңдады. Оған қоса, түрлі жарыстарға қатысып, өнімдерден дәм татты. Шеберлік сағаттарына қатысты. Шараның көркін отандық эстрада әншілері қыздыра түсті. Сонымен қатар қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.
Мадияр Қадырбай, бас аспаз:
- Кондитерлік өнімдерді үш күн бойы әзірледік. Осында келгендердің барлығына жетеді. Дәмінің қандай болғанын, қалай шыққанын қонақтарымыз айта жатар. Тәттілерді дайындауға бір тоннадан астам астам алма, мың келі ұн, мың дана жұмыртқа кетті.