Бүгін - «Балдырғанның» атасы Мұзафар Әлімбаевтың туған күні

Бүгін - бала жанының бағбаны атанған көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың туған күні.

Ол көзі тірісінде төл руханиятымызды биік шыңға көтерген аса дарынды қалам иесі болды. Әсіресе қазақ балалар әдебиетін қалыптастыруға сіңірген еңбегі орасан. Өзі негізін қалап, 28 жыл басқарған "Балдырған" журналы талай саналы ұрпақты тәрбиелеп шығарды. Бала психологиясын тануға мұншалықты қызыққан ақын саналы ғұмырында оқырмандар үшін 64 кітап жазып қалдырды. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді жинап, зерттеумен қатар өзге халықтардың нақыл сөздерін қазақшаға аударумен айналысты. Шығармашылығын майдан шебінде бастаған жазушының туындылары өміршең. Шығармалары әлемнің 38 тілінде жарық көрді. Еліміздің тұңғыш әнұранының сөзін жазғандардың бірі осы Мұзағаң еді.