Дауылды ескерту: жолдарда қозғалыс шектелді
Елімізде ауа райының бұзылуына байланысты республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылып жатыр. Бүгін кешкі сағат 6-дан бастап Жамбыл облысындағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының бөлігі жүк көліктері үшін жабық.
Қостанай облысында Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі жол көліктің барлық түрі үшін жабылды. Сол секілді Ақмола облысында «Жезқазған-Петропавл» автожолында қозғалыс тыйылды. Сондай-ақ «ҚазАвтожол» бірер сағат бұрын Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының жекелеген бөлігінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.