Жылдамдықты бақылайтын жаңа жүйе іске қосылды

Енді халықарылық және республикалық маңызы бар тас жолдарда жүргізушілердің орташа жылдамдықта көлік тізгіндегені бақыланады.

Яғни жүріп өткен жолы мен ондағы рұқсат етілген жылдамдық есептеледі. Осылайша аралықта еңсерген жүру уақыты анықталады. Мәселен, жеті сағаттық қашықтықты, одан ерте жүріп өткен жүргізуші орташа жылдамдықтан асырған болып есептеледі. Ал арнайы камералар арқылы қай аралықта заң бұзғаны анықталады. Мұндай тәртіпсіздікке барған азаматтар 5-тен 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл  төлейді. Бұл шамамен 18 мың мен 147 мың теңге аралығында. Ал жүргізуші екінші мәрте жылдамдықты асырса, айппұл мөлшері 221 мыңға дейін өседі.