Туу туралы куәлікті банктердің постаматынан алуға болады
Енді қазақстандықтар туу туралы куәлікті халыққа қызмет көрсету орталығына бармай ала алады.
Әділет министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп екінші деңгейлі банктің постаматтары арқылы куәлік жеткізудің пилоттық жобасын іске қоспақ. Атап айтқанда, АХАТ органдары берген құжаттар бойынша электрондық апостиль қолданысын дамыту жоспарлануда. Сондай-ақ министрлік атқарушылық жазба жасау жөніндегі жобаны іске қосуды көздеп отыр. Бұл бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттырып, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.