Министр: Қазақстанда тұмаудың жаңа түрі анықталмады
Қазақстанда бұрын болмаған тұмаудың жаңа түрі анықталмады. Бұл туралы Үкіметтің отырысына онлайн қосылған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады.
Оның айтуынша, қыркүйектің 1-нен бері елімізде ЖРВИ-дің 1 млн 461 мың оқиғасы тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 20% төмен. Алайда вирус жұқтырғандардың 66%-і 14 жасқа дейінгі балалар болып шықты. Бүгінге дейін тұмаудың 590 жағдайы расталған. Жалпы тұмаудың таралуы биыл жылдағынан ертерек басталыпты. Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, биыл 2,1 млн адам тұмауға қарсы егілген.