Мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беру жеңілдейді

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар биылғы референдумда еркін әрі кедергісіз дауыс бере алады.

Биылғы сайлауда Брайль қарпіндегі трафареттер, аудиобюллетеньдер және сурдоаудармалы ақпараттық материалдар қолданылады. Бұл жаңашылдық көру және есту қабілеті шектеулі азаматтарға арналған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Мүгедектегі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтылды. Сайлау учаскелері бірінші қабатта болады,сондай-ақ  пандустар, тактильді жолақтар және арнайы бейімделген кабиналармен жабдықталады. Оған қоса, электронды үлкейткіш құрылғылар мен индукциялық дыбыс жүйелерін қолдану жоспарланып отыр. Бұл құрылғылар пилоттық жобамен Ақтөбе мен Павлодар облыстарында қосылады. 

Кенжеғұл Сейтжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі ресми өкілі:

- Оталық комиссия азаматтары менің ойымша өте жақсы әдемі идеяны жасап жатыр. Ол Конституцияның мәтінін дыбыстап, қазақша-орысша 10 мыңнан аса сайлау учаскілерінде аудио дыбысталған конституцияның жобасын тыңдауға болады. Егер де кез келген азамат мүгедектігі бар азамат, егде жаста болса да, басқа да мәтінді оқи алмайтын Брайльші мәтінді оқи алмайтын азаматтарға барып, компьютер арқылы өзіне керекті бапты қосып, қазақша-орысша тыңдай алады. Өзінің таңдауын жасай алады.