Елде қызылша өршіп тұр
Індетке қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше күн сайын 80-нен астам қызылша жұқтыру дерегі тіркеледі. Жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі екпе алмаған азаматтар екені анықталған. Мамандардың айтуынша, індетті тұқтырғандардың көбі 5-жасқа дейінгі балалар. Әсіресе Алматы мен Астана қалаларында бәсеңдемей тұр. Мамандар қызылшаның аса жұқпалы вирустық ауру екенін ескертеді. Вакцина болмаған жағдайда дерт ауыр өтіп, пневмония, есту қабілетінің төмендеуі, жүйке жүйесінің зақымдануы, энцефалит сияқты қауіпті асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар қызылшадан кейін адамның иммундық жүйесі ұзақ уақыт әлсірейді.
ЦИТАТА:
Манар Смағұл, қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары
«Індетті жұқтырған балалардың көбі қызылшаға қарсы вакцина алмаған. Қазір бір жасқа толмаған балаларға да жұғып жатыр. Сол себепті қызылшаға қарсы екпені уақытылы алу міндетті. Денсаулық сақтау министрлігі 6 айдан асқан балаларға вакцинаны жергілікті емханадан алу қажеттігін ескертеді».