Шиелі аудандық ауруханасына МРТ аппараты орнатылды

Қызылорда облысының Шиелі аудандық ауруханасында инсульт бөлімшесінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Нысан қайтарылған активтер есебінен салынған. Ауруханаға магнитті-резонанстық томограф орнатылды. Құны – 650 миллион теңге. Бұған дейін мұндай құрылғы ауданда болмаған. Жаңа аппарат тәулігіне 20 науқастың диагнозын анықтауға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары ауданда сегіз дәрігерлік амбулатория ашылды. 30 жедел жәрдем көлігі ел игілігіне берілді.  Осы өңірде жұмыс сапарымен жүрген сенат депутаттары жаңа нысанның жұмысымен танысты.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Диагнозын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Екіншіден облыс орталығына болмаса басқа Астана, Алматыға сабылмай, бір жерден өзінің жаңағы денсаулығының ем-домын белгілейтін сол шаралардың бәрін шапқылап, уақыт жұмсамай, қаражат жұмсамай аудан орталығында осы 90 мыңға жуық халық осының игілігін көретін жақсы жаңалық болып жатыр.

Олжас Ысқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Осындай МРТ аппараттары жылдың соңына дейін Жаңақорған, Арал, Қазалы аудандарына келеді және де Балалар ауруханасына жаңа МРТ аппараты және Онкологиялық орталыққа жаңа МРТ аппараты қойылады.