Алматылық ғалымдар обырдың алдын алатын қоспа әзірледі

Алматылық ғалымдар онкологиялық аурулардың алдын алуға мүмкіндік беретін биологиялық белсенді қоспа әзірлеуде.

Оған табиғи антиоксидант - ликопин ферменті қолданылады. Жобаның ерекшелігі де осында. Бұл қызанақ пен қарбызға қызыл түс беретін пигмент. Сондай-ақ институт ғалымдары осы көкөністерді 1 жыл сақтау технологиясын ұсынып отыр. Осылайша жаңа әдіс өнім бағасын 10 есеге дейін төмендетпек.

«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының» ғалымдары бұл жобамен 2 жылға жуық айналысып келеді. Ғалымдардың пікірінше ликопин ферменті адам үшін ерекше маңызға ие.  Оның тағам рационында жеткіліксіз болуы  иммунитеттің төмендеуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан ғалымдар қоспа жасауды зерттеп жүр. Бұл дәрі емес. Тек обыр жасушалырының өсуіне кедергі жасайды деген болжам бар. 

Өрісбай Шоманов, "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі" ҒЗИ бөлім меңгерушісі:

- Обырға қарсы препараттар әртүрлі әдістермен алынады. Көбінесе удан. Ал біз көкеністерден аламыз. Осылайша біз препараттардың бірнеше түрін жасаймыз. Соның ішінде профилактикалық-емдеуге қолданылатын өнімдер бар. Бұл препараттарды күнделікті қолдануға болады. Әсіресе балаларға пайдалы. Бұл оларды обыр сияқты жаман аурулардан қорғайды. 

Жобаның технологиясы пайдалы заттарды барынша сақтауды көздейді. Бастапқыда қарбыз бен қызанақ ұнтақталады. Одан кейін лиофильдің және инфрақызыл кептіру әдісі қолданылады. Осылайша, шикізаттың түсі мен биологиялық қоспалары сақталады. 

Анель Байзақова, "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі" ҒЗИ ғылыми қызметкері:

- Қарбыз сортын біз отандық «Асар» сортынан. Ал қызанақтан «Солнечная» сортын. Яғни олардың алдын ала зерттеу әдісі арқылы. Ең жоғары ликопинді мөлшері анықталған. Оларды биологиялық қосылыстарын және де табиғи түсін сақтай отырып, инфрақызыл әдісімен жұмсақ температурады кептіреміз. 

Ғалымдар онкологиялық аурулардың профилактикасына қажетті қоспаға патент алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ көкөністерді ұзақ сақтау технологиясының да пайдасы көп, дейді. Ол шаруаларға жаңа серпін берері сөзсіз. Көкеністерді қайта өңдегендіктен агроөнеркәсіптегі шығын да азаяды. 

Ернұр Рысбай, Әбен Нарымбаев