Қостанай облысында 30 адамды кене шақты

Қостанай облысында күн жылығалы отыз адамды кене шақты. Көбі Рудный мен Қарабалық ауданында тіркелді. Оларға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. 

«Науқастардың өміріне қауіп жоқ», - дейді мамандар. Санитарлық дәрігерлер мен ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері кенені жинап, зертханаға жіберді. Жәндіктер энцефалит қоздырғышын тасымалдаушы ма, жоқ па,  тексеріледі. Қорытындысы екі-үш аптада белгілі болады. Әзірге кене инфекциясы бойынша облыста жағдай тұрақты. 

Гүлім Досымова, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Кене энцефалиті біздің өңірде өткен ғасырдың ортасынан бері тіркелген жоқ. Соған қарамастан дезинсекциялық шаралар міндетті түрде өткізіледі. Кенедегі вирустың ауысуы, таралуы үнемі бақылауда. Ол үшін жыл сайын осы уақытта далада кене жинаймыз. Оларды энцефалиттен бөлек, туляремия, лептосприоз сияқты бірнеше жұқпалы аурулар бойынша тексереміз.