Елімізде қызметкерлерге жұмыс уақытында скринингтен өтуге арнайы уақыт бөлінбек
Елімізде енді қызметкерін медициналық скринингке жібермеген жұмыс беруші жауапқа тартылады. Осы кезеңде жұмысшының жалақысы мен орны сақталады.
Еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заң жобасын сенат мақұлдады. Құжатта қызметкерлердің құқығы еңбек саласындағы жеке өмірді қорғау, ар-намыс пен қадір-қасиетті құрметтеу нормаларымен толықтырылады. Жұмыс берушілерге еңбек жағдайының қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сай болуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.
Ербол Тұяқбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:
- Жұмыскерді скринингке босатапаған кезде біз еңбек инспекциясы арқылы тексеруді ұйымдастыруға толық құқымыз бар. Ол үшін жұмысшы тиісті өтініш білдіреді. Оған предписание береді. Егер орындамаған жағдайда жауапкершілік те қарастырылған.