Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
Елде орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты.
Шамамен әйелдер 79 жасқа, ерлер 71 жасқа дейін ғұмыр кешеді. Адамдардың ұзақ жасағаны жақсы, алайда бұл алдағы онжылдықтарда еңбек нарығына, зейнетақы жүйесіне, жалпы экономикалық өсімге тікелей әсер етеді. Сарапшылар осылай дейді. Сондай-ақ елде туу деңгейі төмендеп барады. Бұған не себеп?
Қазақстан қартая бастады. Жалпы елде 20 миллион тұрғын бар. Оның шамамен 1,9 миллионы - 65 жастан асқандар. Бұл жалпы халықтың 9 пайызын құрайды. Ал қартаю индексі 31-ге жетті. Яғни әрбір 100 балаға шаққанда 31 егде адамнан келеді. Бұл аса үлкен көрсеткіш емес. Бірақ өсім қарқын алып барады. Халықаралық болжамдарға сүйенсек, елде 2050 жылға қарай егде жастағылардың үлесі 14 пайызға жуықтайды. Қартаюдың әсері ең бірінші еңбек нарығына тиеді. Яғни жұмыс істейтіндер азайып, зейнеткерлер саны көбейсе, кадр тапшылығы күшеюі ықтимал. Бұл экономиканың өсу қарқынына қалай әсер етеді?
Бауыржан Ысқақ, экономист:
- Бұл бірінші кезекте зейнетақы жүйесіне өз жүктемесін әкеледі. Яғни зейнеткерлер саны көбейген сайын халықтың бір бөлігі әлеуметтік төлемді көбірек төлеуге мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде бюджет тапшылығын арттырады. Одан кейін денсаулық сақтауға шығындар да арта береді.
Қарттарды тек әлеуметтік көмек алушы емес, батыс елдері сынды белсенді экономикалық субъект ретінде қарастыру қажет. Әлеуметтанушы Толқын Сәметова осындай пікірде. Мәселен, Жапонияда қарттарға арналған экзоқаңқалар жасалып, олар қоймаларда, ауыл шаруашылығында жұмысын жалғастыруда. Ал Германияда 55 жастан асқан азаматтарға өз бизнесін ашу үшін арнайы мемлекеттік гранттар беріледі. Сингапурде балабақша мен қарттар үйі бір ғимаратқа біріктірілген.
ЦИТАТА: Толқын Сәметова, әлеуметтанушы:
Еліміз дәстүрлі зейнеткерлік моделінен бас тартуға тиіс. Батыс елдері сияқты қарттарды тек әлеуметтік көмек алушы емес, белсенді экономикалық субъект ретінде қарастыру қажет. Олардың интеллектуалды капиталын менторлық пен кеңесшілік бағытта сақтап қалатын жаңа еңбек заңнамасын енгізу керек. Қазақстан үшін тек бір елдің емес, әлемдік үздік кейстердің синтезі қажет.
Туу деңгейі төмендеп барады
Тағы бір мәселе елдегі туу деңгейінің төмендеуі. Мәселен 2021 жылы елде 446,5 мың сәби дүниеге келген. 2022 жылы 403 мыңға, 2023 жылы тіпті 388,4 мыңға дейін төмендеген. Ал 2024 жылы болса 365,9 мыңға дейін күрт азайған. Бұған себеп жастардың отбасын кеш құруы, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар. Қала тұрғындары осылай дейді.
СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
2021 – 446,5 МЫҢ
2022 – 403,9 МЫҢ
2023 – 388,4 МЫҢ
2024 – 365,9 МЫҢ
2025 – 335 МЫҢ
БЛИЦ:
- Негізі карьера, бір жағынан мүмкін әлеуметтік жағдай да бар шығар. Соған байланысты шығар мүмкін.
- Декреттегі анамын, бала тәрбиесінде отырмын, бір баланы өсіру үшін көп қаражат талап етеді. Сол үшін қазір адамдар баланың сапасына емес, санасына қарап өмірге алып келетін сияқты.
- Экология жағы да, баланың денсаулығына қарай туылады, мысалы, үшін, біреуі дені сау, біреуі дені нашар.
Ал демографтың айтуынша, бұған себеп 90-жылдары туған қыз-келіншектердің аздығы.
Сәуле Дюсупова, қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы
Сарапшылардың болжауынша, елдегі бала туу көрсеткіші 2028 жылға дейін біртіндеп азаяды. Одан кейін 2000 жылдардағы ұрпақ репродуктивті жасқа келіп, елдегі туу көрсеткіші қайтадан көтерілуі тиіс.
Әлішер Әли