Бір миллионнан астам адам отандық телемедицина қызметіне жүгінді
Бүгінге дейін 1 млн-нан астам адам телемедициналық қызметке жүгінді.
Қазіргі уақытта отандық телемедицина қызметтеріне 655 ұйым қосылған. Олардың қамту ауқымы 2 млн адамнан асады. Бұл қашықтан медициналық көмек көрсету форматына сұраныс жоғары екенін көрсетеді. Телемедицина шалғай өңірлердің тұрғындарына бейінді мамандардың кеңесін уақытылы алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, көмекті күту мерзімін қысқартады. Алдағы уақытта 4 мыңнан астам денсаулық сақтау мекемесін заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру нәтижесінде ауылдық жерлерде тұратын шамамен 7,5 миллион тұрғын қамтылады.