Жоғары технологиялы медицина жылда екі мың балаға көмек көрсетеді
Елде жыл сайын 2 мыңнан астам балаға жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетіледі.
Қазақстанда неонаталды хирургияны дамыту және жаңа туған нәрестелерді емдеудің заманауи технологиялары енгізіліп жатыр. Жыл сайын туа біткен даму ақауы бар 1,5 мыңға жуық нәрестеге операция жасалады. Оперцияның 40 пайызы аз инвазивті әдіспен орындалады. Неонаталды реанимация қызметінің дамып, заманауи перинаталдық технологиялардың енгізілуі арқасында нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші 88-ден 93 пайызға дейін артты. Сонымен қатар елде ұрықтың жатырішілік даму патологияларын емдеуге бағытталған феталдық медицина саласы да қарқынды дамып келеді. Жаңа тәсілдерді енгізу нәтижесінде туа біткен даму ақауларын ерте анықтау деңгейі 10 пайызға артып, өлім-жітім 15 пайызға азайды.