Елордада роботтың көмегімен 50 операция жасалды

Елордада жыл басынан бері роботтың көмегімен 50-ге жуық ортопедиялық операция жасалды.

Бүгінде әлемнің 45 елінде енгізілген,, жасанды интеллект қолданылатын бұл әдіс ең тиімді әрі қауіпсіз саналады. АҚШ пен Еуропаның алдыңғы қатарлы клиникаларында кеңінен қолданылатын Mako роботы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасында бар. Басты артықшылығы - жоғары дәлдік саналатын бұл заманауи технология ортопедиялық имплант орнатуда тиімділігін дәлелдеді. Робот операциядан кейінгі асқынудың алдын алып, науқастың оңалу мерзімін екі есе қысқартады. Роботтандырылған операция әдісін Астанамен қатар Алматының емдеу орталықтары қолдануда. 

Әнуарбек Құлшаров, травматолог-ортопед:

- Осы жылдың басынан бастап енгізіп жатырмыз Мако аппаратпен барлығы сәтті. Көзбен ештеңе есептемейміз қазір. Тек сол аппаратқа берілген мағлұматты саламыз. Сол бойынша робот санап береді қанша миллиметр кесу керек екенімізді, қанша миллиметрге дейін жамбас буынын бұрғылау керек екенімізді. Сол бойынша қандай имплант: чашка немесе ножкасын қоятынымызды.