Нарықта отандық дәрі-дәрмек үлесі артты
Біздің елде қалай болып жатыр? Дерекке қарағанда фармацевтикалық препараттардың бөлшек саудасы 359 млрд теңгеге жеткен. 184 млн қаптама дәрі-дәрмек сатылған. Ақшалай алғанда сауда көлемі 1,1 пайызға өсіп отыр.
Ал қаптамаға шаққанда көрсеткіш 16,9%-ға төмендеген.
Бұл халықтың қымбатырақ өнімді көбірек тұтына бастағанын көрсетеді. Proxima Research International сарапшылары осылай дейді. Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, қазір рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмек үлесі 47 пайызға артқан. Ал рецептсіз өнімдер сегменті ақшалай тұрғыдан өте жоғары өсім көрсетіп отыр. Бұл әсіресе, импорттық дәрі-дәрмек нарығына қатысты. Бұл орайда теңгеге шаққанда өсім 86 пайызға жеткен. Десек те осындай бәсекеге қарамастан, өз өндірушілеріміз де нарықтағы орнын нығайтып үлгеді. Жарты жылда отандық дәрі-дәрмек үлесі физикалық тұрғыдан 34 пайызға дейін өсті.