Қазақстанда қыркүйектен бері 51 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Фото: depositphotos.com

Қыркүйек айының басынан бері елімізде 51 мыңнан астам жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге аз, деп хабарлайды «24KZ».

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда тұмаудың расталған жағдайлары тіркелген жоқ. Ведомство қыркүйек айынан бастап ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізіп келеді.

2026 жылдың басынан бері коронавирус инфекциясының 87 жағдайы анықталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 есеге төмен көрсеткіш.

Министрлік мәліметінше, COVID-19 басқа да маусымдық респираторлық вирустармен қатар айналымда жүр. Қазақстанда бұрын белгісіз болған жаңа респираторлық вирустар анықталған жоқ.

Мамандар күз мезгілінде респираторлық инфекциялардың таралуы дәстүрлі түрде күшейетінін ескертеді. Сондықтан аурудың алдын алу үшін бөлмені жиі желдетіп, қолды тұрақты жуып, жеке гигиена ережелерін сақтау ұсынылады.

Сондай-ақ сырқаттанушылық жоғары кезеңде адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу және ауру белгілері бар адамдармен жақын қарым-қатынастан аулақ болған жөн.

Дене қызуы көтеріліп, жөтел, тамақ ауруы немесе басқа да белгілер байқалған жағдайда үйде қалып, медициналық көмекке жүгіну қажет.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: