Алматыда 48 оқушы астан уланды

Астан уланған 48 оқушы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел ішек инфекциясының белгілерімен түскен, деп хабарлайды 24KZ.

Республикалық физика-математика интернатында тағы 6 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, барлық балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Емдеуге қажетті жағдай жасалған. Қазір ауруханаға жатқызылған оқушылардың жағдайы тұрақты. «Жансақтау шараларын қажет ететін науқастар жоқ», – дейді мамандар.

Ержан Сералин, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры:

– Бактериологиялық және вирусологиялық талдаулардың бәрін алдық. Бұл талдаулардың нәтижелері 1–2 күнде емес, 4–5 күн ішінде дайын болады. Баланың организмі тез сусызданып кетуі мүмкін. Содан қауіптеніп, олардың бәрін осы жерге жатқызып, осы жерде регидратация жасап жатырмыз. Ертерек медициналық көмек көрсетілсе, балалар екі-үш күнде жақсы болып кетеді.

Сондай-ақ оқыңыз: