ЖРВИ жұқтыру дерегі 30%-ға төмендеді

Қазақстанда қыркүйек айынан бері жіті респираторлық вирустық инфекцияның 1 жарым миллионға жуық жағдайы тіркелді.

Бұл өткен эпидемиялық маусымның дәл сол кезеңімен салыстырғанда шамамен 30 пайызға аз. Осы күнге дейін эпидемиялық маусымға орай «Гриппол плюс» вакцинасының 2 миллионнан аса дозасы алынып, 94 пайызға жуық адам тегін екпе салдырған. Вакциналау шаралары 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Әсия Молдиманова, ҚР ДСМ фармация комитеті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы:

- Мониторингтің шешімі бойынша дәрілік заттар дәріханаларда жоқ және қымбаттады деген ақпарат біздің территориялық депаратменттерге келіп түсіп жатқан жоқ. Ол жөнінде біздің министрлік тарапынан мынау дистрибьюторлармен және дәріхана өкілдерімен жиналыстар жүргізіліп жатыр. Халыққа дәрілік заттарды қолжетімді ету бойынша жұмыс жасалып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: