Фармацевтика өндірісін дамыту шаралары ұсынылды
Өңір әкімдіктері отандық фармацевтика өнімдерін сатып алуға басымдық беруі қажет.
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек өндірісін дамыту үшін жедел шараларды ұсынды. Бұл бағытта мемлекеттік органдар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Қаржы министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дербес сатып алу рәсімін цифрландырады. Сонымен қатар ұлттық тіркеу деректері Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкестендіріліп, экспорт әлеуетіне ерекше мән беріледі.