Қызылордалық бойжеткеннің бүйрегі екінші рет ауыстырылды
24 жастағы қыз балаға әпкесі донор болды, деп хабарлайды 24KZ.
Осыдан 6 жыл бұрын оған ағасы бір бүйрегін берген. Бірақ коронавирус шырмауына ілігіп, жағдайы қайтадан нашарлаған. Ұзақ уақыт гемодиализдің арқасында күнелткен ол тағы да трансплантация жасатуға мәжбүр болды. «Операция сәтті өтті», – дейді дәрігерлер. Биыл Қызылордада бүйрек трансплантациясы төртінші рет жасалды. Олардың бәрі гемодиализ аппаратына тәуелділіктен арылды. Жалпы өңірде кейінгі 10 жылда бүйрек ауыстыру операциясы жасалмаған. Қазір облыста 600 адамға созылмалы бүйрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған. Оның 370-і жасанды бүйрек аппаратын пайдаланады.
Жасұлан Баймаханов, облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері:
- Қызылорданың өзінде бүгінге 85 адам – транасплантациядан өткен адамдар. Бірақ оның барлығы – бүгінге дейін сыртта жасалған оталар. Алматыда, Астанада. Енді, құдай қаласа, енді бәрін бастағаннан кейін осы облыста жасауға тырысамыз.