Шымкенттегі аурухананың кредиторлық берешегі ₸1,5 млрд-қа жетті
Шымкенттегі клиникалық аурухананың кредиторлық берешегі 1,5 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Медициналық мекеменің дәрігерлері, қажетті препараттар мен операцияға кететін шығындар науқастарды емдеуге белгіленген тарифтен анағұрлым қымбат екенін айтады. Аймаққа жұмыс сапарымен барған Сенат депутаттары қордаланған мәселесмен танысты. Сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылған күрделі жөндеу жұмысын бақылады. Жыл соңына дейін жеткізілуі тиіс жаңа жабдықтардың тізімін қарап, құрылысты мерзімінде аяқтаудың маңыздылығына тоқталды. Ал елдегі көптеген медициналық ұйымның басты мәселесіне айналған қаржыландыру жүйесі қайта қаралып, министрлікте жаңа қаулы қабылданғанын жеткізді.
Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бюджеттен бөлінетін қаражаттың тарифі көпжылдан бері өзгермеген. Сондықтан бұл ауруханаға қолдау керек. Қазір енді министрлік осы 1 маусымнан бастап өздері қаулы шығарды. Сол тарифтің бағасын көбейту жөнінде.