Онкологиялық науқастарға көмек көрсететін Call-орталық іске қосылды

Елімізде онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттер қажетті дәрі-дәрмексіз қалмайды деп хабарлайды 24kz.

Науқастарға көмек көрсету үшін арнайы республикалық call-орталық іске қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы бойынша өтініш қалдыруға болады. Сондай-ақ емделуден және көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлау да қарастырылған. Әрбір шағым мұқият қаралып, тиісті медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданады.

Байланыс желісі

8 (7172) 570 950