Таразда ревматология орталығы ашылды
Жамбыл облысында алғашқы ревматологиялық орталық ашылды.
Мекеме бұған дейін облыстық көпбейінді аурухананың бөлімі болған. Дәрігерлер тек ауыр жағдайда келген науқастарға ғана көңіл бөлетін. Енді жаңа орталықта ауруды асқындырмай, амбулаториялық көмек беруге мүмкіндік туып отыр.
Забира Молдабекованың буын ауруына шалдыққанына 8 жылға жуықтаған. Бастапқыда бойында дерттің дендегенін білмепті. Тек дәрігерлерге көрініп, қан диагнозын тапсырғанда ғана ревматологияға шалдыққанын білген. Алғашқыда шетел мен Шымкент, Астана қалаларына сабылған. Себебі Тараздағы бөлімнің көп науқасты қабылдауға қауқары жетпепті. Енді жаңадан ашылған орталық бұл мәселені шешіп отыр.
Забира Молдабекова, Тараз қаласының тұрғыны:
- Не жатқызады екен, немесе күндізгі стационар, болмаса амбулаторялық лечение береді. Поликлиникаға береміз, бізге система укол бәрін салады. Сонда келген адамға мүмкіндік жақсы болып тұр ғой. Біз өзіміз емес облыстағы ауру кісілер үшін қуаып жатырмыз. Олар біз сияқты қалының ішінде емес,сырттан келеді. Ауру деген жаңағыдай ауру екі аяқ емес төрт аяқпен жүретін аурумен келген кезде, бұл орталықтың мүмкіндігі өте тамаша болып тұр ғой.
Бұған дейін буын ауруына шалдыққан науқас дәрігердің қабылдауына бару үшін бірнеше ай кезек күтетін. Әрі бөлімде маман аз болғандықтан, тек ауруы асқынған науқастарға көңіл бөліп жүрді. Енді әлемдік стандартқа сай жабдықталған жаңа орталықта 25 маман келген адамға сапалы қызмет көрсетеді.
Бағлан Тапаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас ревматологы:
- Бірінші базисный дәрілер береміз. Егер базисный препараттар көмектеспеген жағдайда науқастарды генно инженерлі биологиялық треапияға ауыстырамыз. Ол препараттардың шығуына байланысты науқастардың ауруларының белсенділігі жоғары болады ғой. Сол кезде назначатьететміз. Ол сол белсенділікті төмендетеді. Науқастардың өмір сүру қалпын жақсартады.
Аймақта буын ауруларымен есепте тұрған 5000-нан аса тұрғын бар. «Жыл санап науқастар саны артып, ең көп тіркелген 5 аурудың қатарына қосылды», - дейді дәрігерлер. Сондықтан алдағы 5 жылда еліміздің барлық аймағында орталықтар ашу жоспарланып отыр.
Ғалымжан Тоғызбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас ревматологы:
- Ревматологиялық аурулар бұлар тек бір ағза емес жүрек қана емес, өкпе ғана емес, бүкіл адамның дененің барлық ағзаларын зақымдайтын ауру. Сондықтан олар күрделі болып есептеледі. Сол себептен біз ревматологиялық орталықтар Қазақстан бойынша ашылып жатыр қазір.
Соңғы онжылдықта әлемде ревматикалық аурулардың жоғарылауы айқын байқалуда. Яғни бұрын бұл ауруға тек жастар шалдықса, қазір егде жастағылар да ауыратын болған. Ал оның аяғы мүгедектікке алып келеді, - дейді дәрігерлер. Сондықтан ақ халаттылар денсаулыққа мән беріп, дер кезінде тексерістен өтіп тұруға кеңес береді.
Мерей Бает, Елдар Байділдә