Талдықорғанда биыл 3000-ға жуық адамға күрделі операция жасалды
Жыл басынан бері Талдықорғандағы кардиологиялық орталықта 3 мыңға жуық науқас ем қабылдаған, деп хабарлайды 24kz.
Дәрігерлер жоғары технологиялы құрылғылармен олардың жүрек және қан тамырларына күрделі операция жасаған. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі хабарлады. Мамандардың айтуынша, науқастардың саны жыл санап артып келеді. Мекеменің клиникалық-диагностикалық бөлімшесіне 20 мыңнан астам жүгінеді екен. Мұнда 400-ге жуық ашық жүрекке операция жасалып, мыңдаған науқаста стенттер орнатылады.
Нұрсан Сурашев, Жетісу облыстық кардиологиялық орталығының директоры:
- Күніне 150-200 адам зерттеуге, тексерілуге клиника диагностикалық бөлімшеге келіп тексеріледі. Одан бөлек, күніне 20-25 науқасты жедел жәрдем алып келеді, қабылдау бөліміне. Жалпы стационарда күніне 100 науқас жатса, 20-сы шығып, 20 адам жатады.