Шымкентте өзбек инвесторлары ашқан фармкомпания GMP сертификатын алды
Шымкентте өзбек инвесторлары ашқан фармацевтикалық компания халықаралық GMP сертификатын алды.
Құжат шығарылатын дәрілік заттардың жоғары сапасы мен қауіпсіздігін растайды. Қазір өндірісті толық іске қосу үшін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың, жеке гигиеналық өнімдердің тізбесін тіркеу ғана қалды, - дейді компания өкілдері. Зауыттың құрылысы осыдан төрт жыл бұрын басталған. Сол кезде 4 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылды. Енді жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға 12 миллион доллар жұмсалмақ. Жоспар бойынша ғылыми-зерттеу орталығы салынып, өндірісті ұлғайту үшін қосымша цехтар тұрғызылады. Дайын дәрілік препараттардың 30 проценті шетелге экспортталады. Бұл елдің фармацевтикалық әлеуетін арттырады, - дейді зауыт директорының орынбасары Мансұр Шарасұлов.
Мансұр Шарасұлов, фармацевтикалық зауыт директорының орынбасары:
- Бүгінгі таңда біз мемлекет жағынан берілетін барлық қолдауларды алып жатырмыз. Оның ішінде грант түрінде қолдаулар, әртүрлі салықтардан босатулар дегендей. Дәрілік заттарды маркировка заңы бойынша образецтер шығарып, регистрация жасап жатырмыз.