Елімізде жарты жылда 50 мың адам пневмониямен ауырды
Қазақстанда пневмония ауруына шалдыққандар көбейіп барады, деп хабарлайды 24kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай биыл алғашқы жартыжылдықта 50 мыңға жуық науқас тіркелген. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 19%-ке көп. Ведомство өкілдері коронавирустың мутациясына қатысты әлемде «Омикрон» JN.1 штаммының айналымы басым екенін айтып отыр. «Дегенмен, бұл штамм халықтың денсаулығына жоғары қауіп төндірмейді делінген», - хабарламада.