Медицина қызметкерлерін кәсіби сақтандыру нормаларына оқыту басталды
Қазанның 25-інен бастап медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру енгізіледі, деп хабарлайды 24kz.
Осыған байланысты бүгін Астана медицицналық университетінде дәрігерлер мен тәуелсіз сараптама комиссияларын, пациенттерді қолдау қызметінің өкілдерін оқыту басталды.
Еске салайық, биыл көктемде медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайтын заң қабылданды. Соның аясында кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру институты енгізіліп жатыр. Жоғарғы соттың ақпараты бойынша 2016-2022 жылдар аралығында медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты 52 қылмыстық іс қаралды. Соның аясында 22 адам шартты түрде жазаланса, 5 адам бас бостандығынан айырылды, ал 27 адам сотталды, бірақ істің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатылды.
Серікболсын Темірханов, ҚР ДСМ Заң департаментінің директоры:
- Сараптамалық комиссия бар. Сол комиссияның жұмысына қатысатын мына қатысып жатқандар біліктілігін арттыру болып табылады. Олар келтірілген зиянды анықтау керек. Бұл жерде медициналық оқиға мен сақтандыру жағдайларын ажырату. Қай жерде қандай оқиғалар болады? Соған тәуелсіз бағасын беру. Осы оқытудың нәтижесінде қазан айының ортасында заң күшіне енеді ғой, соған дейін біз көруіміз керек қалай жұмыс жасайтынын, қалай бағасын беретінін.